Мастурбация зиянды ма?

Егер маструбация туралы әңгіме жүрсе, адамдар әрдайым мұны жасамайтын немесе өте аз, сирек айналысатын тәрізді көрініс тудырғысы келеді. Ешкім бұл істі көп немесе сирек жасайтынымен мақтана алмайды. Тіпті мәжбүрлі түрде бұл іске жүгінетіндер де бұлай жасаса өздерін саналы емес, керісінше жолы болмаған адам ретінде көрсететінін түсініп, өздерін басқа қырынан көрсеткісі келмейді.

Осылайша, мен онанизммен айналысатын адамдар өздерінің жақсы жетістікке жете алмайтындығын түсінеді және ешқашан, ешқандай жағдайда мастурбацияға жүгінбеген (ең болмаса осылай деп сендірген) адамдар тиімді позиция ұстанады деген қарапайым қорытындыға келдім. Бірақ сонда да. Мастурбация зиян келтіре ме? Сұрақ қызықты, біз оған міндетті түрде жауап береміз. Бірге талқылайық.

Іс жүзінде, мастурбациямен айналысу көптеген теріс салдарға апарып соғатындығы анықталды. Сұрақ маңайында тұспалдап жүре бермей, турасына кірісейік. Қаншалықты жиі екендігі, қандай ерекше жағдаяттардың немесе қайталанбайтын себептердің бары, қалай немесе қандай жолмен мұны жасайтындығыңыз және бұл уақытта не ойлайтындығыңыз – мұның бәрі маңызды емес және ештеңені де білдірмейді.

Мұндағы ең маңызды нәрсе – өзіңіздің енді құтыла алмайтын тәуелділікте болуыңыз. Керісінше, біраз мерзім мастурбациясыз өмір сүре алатындығыңызды дәлелдеуге тырысыңыз және өзіңіздің ойыңыздың дұрыс еместігіне, яғни тәуелді екендігіңізге көз жеткізіңіз. Кез келген тәуелділіктер сияқты, мастурбация сессиялары зор жылдамдықпен өсу қабілетіне ие, бұл үдеріс сіздің күн сайын, жыл сайын әр түрлі жабайы формада, әр түрлі көбеймелі зиянды нәрселермен айналысуыңызға апарады.

Мастурбацияның адам өміріне теріс әсері туралы 10 байқау.

1) Жалпы қуат айтарлықтай төмендейді, адам жалқауланып, мақсатсыздыққа ұшырайды.

2) Онанизмнің үлкен әсерінен бақыт гормондары рецепторларының сезімталдығын төмендейді, бұл өз кезегінде көңіл-күй әлсіздігін тудырады.

3) Онанист өзінің шығармашылық қажеттіліктерін әртүрлі тақырыптармен айналысатын қиялдарында әрқандай серіктестермен жыныстық қатынасқа түсіру арқылы қанағаттандырады.

маструбация туралы

4) Ұрпақты болу жүйесі өзіне келіп жатқан зиянды әсерді тұрақты жыныстық шиеленіс арқылы айқындап, белгі беріп отырады.

5) Шын өмірде мәселелердің шешілуі баяулайды, өйткені адам бәрі жақсы болатын әлемді қиялдап, шындықтан тым алшақтап кетеді.

6) Жыныстық қажеттілігі кішігірім қанағаттандырылғандықтан, мұндай адам шын өмірде белсенді түрде қарым-қатынас іздемейді, басқалармен байланыс орнатуға дайын болмайды. Себебі түсінікті де, қарапайым балама тәсіл әрдайым қолыңда дайын тұрады.

7) Адам шындықты көрмейді және көргісі келмейді, ол мүмкіндігінше қиял әлеміне қашып құтылуды қалайды.

8) Ауыр көңіл-күй және аз қуат сізге қиын тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бермейді.

9) Нақты жыныстық қатынаспен айналысу мүмкіндігі, бір жағынан, зардап шегеді және ықтимал жанама әсерлердің тізімі көбейе түседі.

10) Сәйкестік (нәтиже / құны) көзімен қарағанда, басқа іс-әрекеттердің барлығы қызықсыз бола бастайды. Мұның бәрі онанизмнің қол жетімділігінің арқасы.

Бәлкім келіспейтін боларсыз, бірақ сіз көптеген жылдар бойы мастурбациямен айналысып жүріп, жоғарыда айтылғандардың ешқайсысын байқамаған да болуыңыз мүмкін. Себебі, сіз де эксперимент жүргізесіз және жоғарыда жазылған нәрселер жайлы өз көзқарасыңыз, жеке тәжірибеңіз жинақталған. Мұндағы байқаулармен сіздің келісуіңіз немесе келіспеуіңіз мүмкін. Жылы жауып қоя салуға да болар еді, бірақ бір факт сіздің дұрыстығыңызға күмән туғызады. Өйткені айырмашылықты білу үшін сізде экспериментке дейінгі және одан кейінгі, яғни бастапқы және соңғы нүкте болуы керек.

Бірақ онанизммен тым ұзақ айналысқаныңыз сонша мастурбациясыз өмір сүрудің қандай екені есіңізде де болмайды. Сіздің барлық тәжірибеңіз тек қана бір нүктеде, бір жазықтықта жазылған – бұл онанисттің өмірі. Сіз басқа өмірді білмейсіз және оның бар екенін де білмейсіз. Демек, сіз барлық зардаптарыңызды табиғи заңдылыққа жатқызасыз, бірақ өзіңіздің мастурбациямен айналысатындығыңыздың кесірі тиіп жатқандығын аңғармайсыз.

Мен сізге айырмашылықты сезінуді ұсынамын. Онанизмнің дәмін татып көрместен өмір сүруге тырысыңыз, таң қалатындығыңызға сенімдімін. Және барлық 10 бөлімнің сіздің өміріңізде болғандығын ескеріңіз.

Бұл дәлелдер сізді сендірмесе де, мен сізді осы тақырыпты дін тұрғысынан зерттеуге шақырамын – Исламда мастурбация, онанизм харам ба

Leave a Comment