Қызды қаратуға қалай болады?

Қызды қаратуға қалай болады? Өкінішке орай, айналамыздағы жігіттердің бәрі Скриптонит бәрі Ninety One емес. Өзі ұнатқан қызды көрген бойда көзін тайдырып, қызарып, екі сөзді бір-біріне жалғай алмай тұтығып қалатындар да жетерлік. Әрине, мұндай жігіттер өте аз, бірақ олар бар. Дәл осындай жігіттер әйел жынысының назарынан көп жағдайда тыс қалады.

Неге қыздар маған назар аудармайды? Бұл сұрақ өте жиі қойылатындардың қатарынан болғандықтан, міне, дәл қазір, бұндайдың алдын алу үшін бұл мәселені жіліктеп талдамақшымын.


жыныс мушены улкейту

Сырт келбет

Бәріміз «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалды білеміз ғой?! Мұнда да сондай. Лас шалбар мен қыржымдалған көйлекте ұйқысын аша алмай тұрған жігітке ешқандай қыз қарамайды. Бұл сөзіммен сіздерге «костюм-көйлек-галстук кию қажет» деген ойды ұсынып тұрғам жоқ. Мәселе киім мәнерінде емес, ұнамды сыртқы көрінісімізде.

ерге киім қыздарды қарату

Ол еркектен шығатын иіске де қатысты. Жаз мезгілінде кейде қоғамдық көлікте келе жатасың – жүрегің айнытады. Жағымсыз иістерге қарсы арнайы құралдарды сатып алу сонша қиын емес қой? Әтірлер, дезодоранттар, антиперсперанттар.

Еркектердің бәрі салақ дегенім жоқ, шатастырмайық. Мен тек өз-өзін күтіп ұстамайтындардың көптігін айтқым келеді. Егер қыз мұндай «хош иістендіргішпен» танысқаннан соң назар аудармай, жақындаудан бас тартса – бұл қарапайым жағдай.

Өз-өзін ұстау мәнері

Әрине, джентльмендер санының өте азайып кеткендігі қайғылы жағдай.

Егер қыз сізге мән бермей қойса, өзіңізді сырттан қарап көріңіз. Мүмкін өзіңізді жай ғана орын беру, есікті ашық ұстау немесе ауыр сөмкені көтерісу дегенді білмейтін «ақымақ» секілді ұстайтын шығарсыз?! Немесе керісінше, шектен тыс қамқор және іш пыстыратын боларсыз?! Сәл болмағанда алдынан кілем төсеп, күшік құсап соңынан жүгіріп жүремісіз?!

қызды қарату боқтама

Есте сақтаңыз! Бәрі өз орнымен болғаны жөн! Адал ит құсап жүгірудің қажеті жоқ, бірақ немқұрайлы болмау да керек. Қызды қаратуға үшін, оң қасиеттеріңізді байқайтын «алтын нүктесін» тауып алыңыз.

Дене құрылысыңыз

Сізге толық қыздар ұнай ма? Олай ойламаймын! Оларға да бауырсақ секілді домалақтар ұнамайды. Еркектің әдемі денесі – табыстың кепілі. Макгрегор болмасаңыз да, ширақ, сергек болуға тырысу керек. Өз-өзіңізге көңіл бөліп, аз да болса спортпен шұғылданыңыз. Бұл ондай қатал талап емес, қыздардың жұрт назарын өзіне аударту үшін істейтін әрекеттерінің қасында әлдеқайда кем.

қыздарды қарату спорт қазақ

Өз-өзімізге сенімділік

Өзіне сенімді жігіт бәрін айналасына тартады. Бұл кезде оның ойында не бар екені, ішінде не жатқаны да маңызды емес. Ең бастысы – мұның бәрін көрсетпеу. Өз күмәніңіз бен қорқынышыңызды жасыра біліңіз, майдалап, ұзақ созудың немесе тұтығып, кекештенудің керегі жоқ. Өзіңізді ұстай біліңіз!

Сөйлесу мәнері

«Паразит» сөздерден құтылуға тырысыңыз, сіздің кейбір сөздеріңіз қызды тітіркендіруі мүмкін. Мысалы: мәә, ммм…, бұл ше, былайша айтқанда және т.б. Мынадай да болады, жігітпен сөйлесіп тұрасың, ал ол мұрнының астынан мыңғырлап, екі сөйлемнің, тіпті екі сөздің басын құрай алмай айналып қалады. Сенімді емессің бе? Ойыңды дұрыс жеткізе алмаймысың? Шынық! Қызды қаратуға үшін көп тыңда да, аз сөйле.

кызды карату оқы

Әмиян

Заманымыздың бұрынғыдан өзгеріп кеткендігі ешкімге құпия емес. 10 қыздың 8-іне, ең бірінші кезекте, молшылық керек. Егер өз өміріңізді тізгіндеп, екінші жартыңыздың құрметіне ие болғыңыз келсе, алдын ала қызға не бере алатыныңызды ойланыңыз. Бәрі шатасып кеткен, әрине, бірақ өмір осындай. Қыздар көп нәрсе талап етеді, бүгінде олар оқымыстыны емес, олигархтарды армандайды. Бірақ сезімге әлі тосқауыл болған ешкім жоқ, шын сүйгендер жертөлені де жұмақ санайды. Бірақ сол «жертөледе» бірге өмір сүру үшін, сіз оның назарына, құрметіне және махабатына қол жеткізуге тиіссіз.

ақша кызбен кездесу

Ақшаң жоқ па? Сізде оның сирек те болсын, бірақ сонда да қалтаңызда жүретінін көрсете біліңіз. Алдымен бірнеше сәнді киім, жақсы әтір және жақсы әмиян сатып алыңыз. Сырт сөз үшін бұл да жетеді. Ал ары қарайғы іс, сіздің харизмаңыз бен әзіліңізге байланысты.

Және де қыздар сізге назар аудармаса, мәселенің бәрі сізде екенін есте ұстаңыз! Өзгеріңіз! Сол кезде көзіңізді ашып-жұмғанша айналаңызда жаңа адамдар, жаңа сезімдер және жаңа оқиғалар пайда болады.

Leave a Comment